Алматыдағы жылу электр станциялары сандық жүйеге ауысып жатыр

17.03.2018 18:29

Алматыдағы жылу электр станциялары сандық жүйеге ауысып жатыр. Жаңашылдық «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Шетелден жеткізілген тың технологияны алғаш болып №1 жылу электр станциясы қолданып жатыр. Турбоагрегаттың жұмысын бақылау жүйесі бірінші рет жаңаланыпты.

№1 жылу электр станциясының турбоагрегаттар жұмысын бақылайтын жүйе өткен жылдың 60-шы жылдары орнатылған екен. Содан бері жаңаланбапты. Смарт құрылғы осыдан жарты жыл бұрын енгізілген. Тың технология адам күшін қажет етпейді екен. Ақпараттар автоматты түрде монитордан көрініп тұрады. 

«Турбинаның операторы кезінде бүкіл приборларды барып, әр прибордан көретін. Ал қазір оның бәрі бір мониторға жиналады. Бүкіл ақпараттар бар. Вибрациялық ақпарат - ол турбина эксплуатация кезінде ең керекті зат. Оның бәрі бұрында жөнді болмаған», - деді Алматы қаласы  «ЖЭС-1» турбиналық цэх басшысының орынбасары Серік ТАЛДЫБАЕВ.

Ескі құрылғылар турбоагрегаттың жұмысын толық көрсетуге қауқарсыз болған. Мамандар қалыпты деңгейден қалт кетпеу үшін әрбір көрсеткіштерді жеке-жеке  барып жазып алып жүрген.  Ал қазіргі  смарт техниканың  орнатылуы қосымша  жұмыстарды жойған. Жаңа құрылғы ақпараттарды айқындауда жаңылмайды, әрі көп орынды да қажет етпейді.

«Цифровизацияның бір жақсы жері - үлкен көлемді алмайды. Кішкене ғана шкафтың ішіне сыйып кетеді. Ал бұрын 10-15 шақты панельдерде болған. Ескі электромеханикалық өлшеуіштер бар. Солардың барлығы кішкене ғана бір панельдің ішіне контроллер шешеді барлығын», - деді Алматы қаласы «ЖЭС-1» электротехникалық зертханасының  басшысы Сатыбалды ИЕМБЕРДИЕВ.

Қазір №1 жылу электр станциясы толығымен табиғи газбен жұмыс істейді. Сәйкесінше, қоршаған ортаға зиянды заттарды өте аз мөлшерде шығарады. Станция көгілдір отынға осыдан екі жыл бұрын көшкен болатын.

«2016 жылы әкімдік пен энергетика министрлігі екеуі меморандум шешімінін арқасында ЖЭС-1 тек газбен жұмыс істейтін болды», - деді Алматы қаласы «АЛЭС» АҚ «ЖЭС-1» атқарушы директоры Ғалым ЖАҢБЫРШЫ.

Жылу электр станциясы басшыларының сөзінше, осындағы құрылғылардың жаңаланып, сандық жүйеге ауысып жатқаны қаланың экологиясына да оң әсерін беріп жатыр. Станцияның табиғи отынға  ауыстырлуы  қазандықтардың қызметін ұзартуға де  септігін тигізіп жатыр. Алып шахарды жылумен қамтамасыз етіп тұрған станцияларды  сандық жүйеге көшіру жалғасын таба бермек.   


Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Теги: ЖЭС