Алматыдағы этномәдени бірлестік өкілдері жаңа әліпбиге оралу үрдісін қос қолдады

13.09.2017 23:43

Латын қарпі - көптің қалауы. Алматыдағы этномәдени бірлестік өкілдері жаңа әліпбиге оралу үрдісін қос қолдап, мақұлдап отыр. Айтуларынша, латын жазуы  біздің елді дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуін жеделдетеді. Оның үстіне, алыс-беріс пен қазақтың озық ойлы ғалымдарының, зиялы қауым өкілдерінің сүбелі еңбектерін шығыс елдерінің жете түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан латынға оралуды жылдамдатқан дұрыс, дейді.                      


«Латын әліпбиіне көшу - біз үшін экономикалық жағынан болсын, саяси тұрғыдан болсын, мәдени жағынан болсын тәуелсіз еліміздің жұлдызын жарқыратып, әлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшінде келе жатқан еліміздің беделін арттыра түседі», - деді  Түрік мәдени орталығының жетекшісі Қазақбай ҚАСЫМ.

 

Шынтуайтында, латын қарпін қолдану - жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол орыс тілін ажырғылау емес. Ресми тіл бәз қалпынша қолданыла береді. Осы тілде осыған дейін жарық көрген басылымдар кирил қарпімен оқырмандарға жол тартады. Бастысы - ұзақ жылдан бері талқыланып келген маңызды осы мәселеден саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Отандық тіл білімінің мамандары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері мұны көпшілікке жете түсіндіргісі келеді.


«Латынға көшу барысында қазақтың барлық заңдылықтары, ішкі құндылықтары сақталады деген ойдамыз. Бұл өзі тіліміздің заңдылықтарына, оның байлығына нұқсан келтірмейді деген ойдамын», - деді Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы  Мамай АХЕТОВ.