Алматыдағы қоғамдық көліктер саны тағы 100 автобуспен толықты

Алматыдағы қоғамдық көліктер саны тағы 100 автобуспен толықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз



Алматыдағы қоғамдық көліктер саны тағы 100 автобуспен толықты. Муниципиалды автобустар мемлекеттік нөмірлерін алып, кедендік құжаттары рәсімделген соң қала көшелеріне шығарылады. Жаңа көліктер төлем жүйелерімен, тіпті бейнекамералармен жабдықталған. Айта кетейік, бұған дейін де дәл осындай 35 автобус алынған болатын.

Қаз-қатар тізілген бұл автобустар бірнеше күннен соң қала көшелеріне шығарылмақ. Әзірге мемлекеттік нөмірлері алынып, кедендік құжаттары реттеліп біткен жоқ. «Green Bus» компаниясы 4 млрд-тай теңгеге 100 қоғамдық көлік сатып алыпты. Су жаңа автобустарды көруге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзі келді. Алматыда экологиялық таза қоғамдық көліктердің санын арттыру арқылы әлеуметтік аз қамтылған топтарды, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатынауына әрі алматылықтарға барынша жағдай жасау басты міндет, деді қала басшысы. Бұл көліктер Алматы шаһарының 1000 жылдығымен қала күніне тарту.



«Елбасы Алматы қаласына тапсырма берген. Біз әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қолдауымыз керек. Неге десеңіз, әлеуметтік топтардың машинаға қол жетуі мүмкін емес, жалақысы төмен. Жұмысқа бару үшін кеше ғана бір жарым сағат жұмсаса, бүгін бір ғана сағатта келеді. Ары қарай біз осы реформаны жүргізіп, арнайы жолдарды жасаймыз», -деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Қоғамдық көлікті дамытумен қатар, ақылы тұрақтарды көбейту қатар жүруі тиіс, деді әкім. Сонда ғана жол бойына көлігін бей-берекет қаңтара салатындар жоғалып, кептеліс сейілмек. Шынында, көлік жүйесін жаңаша қайта жасау оңай дүние емес. Бірақ шаруалардың дені мүмкіндігінше қазына қаржысына емес, инвестор ақшасы арқылы шешілмек. Бұл «Алматы – 2020» даму бағдарламасында айқын көрсетілген.

«Алматы жеке бизнеспен капиталдың қаласы. Ол біз үшін не деген сөз? Мынаның бәрін тұрғындардың ақшасын алып бюджеттен сатып алуға болатын еді. Бірақ ол 10 млн доллар ақша. Біз қазір ол ақшаны қала үшін маңызды мәселеге жіберетін боламыз. Ал, транспорттық жүйесінің нарықтық әлеуеті өте зор», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Қазіргі таңда Алматыда жолаушылар тасымалдайтын 1600-дей қоғамдық көліктің 800-ге жуығы муниципалды автобустар. Олардың барлығына «Оңай» төлем жүйесі енгізілген. Бұл біріншіден, төлем жүйесін дамыту болса, екіншіден, кім көрінген қалтасына жасырын басып қалатын қаржыны ашыққа шығару. Бүгінде осы әдіс тиімділігін көрсетуде.

«Есебіміз бойынша, бұрынғы көлеңкеде жүрген ақшаның 30 пайызы жарыққа шықты деп есептейміз. Ол ақша мемлекеттік есебіне түспейді, бірақ сол ақшадан түсетін салық бар. Екіншіден, Алматы қаласында бір күнде қоғамдық көлікке қанша адам мініп түсетінін көру», - деді Алматы қаласы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Жаңа автобустар бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Камера арқылы жүргізуші жол ақысын төлегендерді бақылап отырады. Ал, қандайда ұрлық немесе өзге келеңсіз жағдай туындаса, құзырлы орындарға арыздануға болады. Ал, билетсіз қатынайтындар саны қазір 10 пайызды құрайтын көрінеді. Мұны болмағанда алтыға дейін түсіру көзделіп отыр. Ал, 5-6 пайыз мәдениеті ең жоғарғы елдердердің өзінде бар көрсеткіш.

Үмбетәлі Меймеш, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров