Алматыдағы шатқалда тастардың құрсауында қалған альпинист құтқарылды

Алматыдағы шатқалда тастардың құрсауында қалған альпинист құтқарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы шатқалда тастардың құрсауында қалған альпинист құтқарылды. Төтеншеліктер аяғы жараланып, бөктерде қалып қойған спортшыны ауруханаға  тікұшақпен жеткізген. Науқастың жамбас сүйейгі сынып, медиктер шұғыл ота жасапты. Қазіргі жағдайы қалыпты. Негізі, альпинистер тобы апта басында Тұйықсу асуына өрмелеуге шыққан екен. Сол сәтте төбелеріне тастар құлап, арасында бір альпинист жараланған. Көп ұзамай жанындағылар құтқарушыларға хабар беріп, ақыры шатқалда қалып қойғандарға көмек көрсетілді.


Новости партнеров