Алматының даму қарқыны жылдағыдай жоғарылауда

24.07.2017 21:52

Алматының әлеуеті зор. Қаланың даму қарқыны жылдағыдай жоғарылап келеді. Кәсіпкерлер де қомақты қаражатты алып шаһарға салуға ниетті. Есесіне, пайдаға кенелуде. Мәселен, былтыр қалтатылырдың қалаға құйған қаражаты-586 миллиард теңгеден асып жығылып, 11 пайызға артқан. Оның 70 миллион теңгесі шетел бизнесмендерінің үлесінде. Өзге мемлекттен ЭКСПО-ға келетін делегаттарды да, мамандар оңтүстік астананың экономикасына ат салысуға шақырады.

«ЭКСПО халықаралық ұйымына ағылып жатқан делегаттар жетерлік. Олардың 70 пайызы Астанаға Алматы арқылы барады. Осы сәтті пайдаланып, біз оларға инвестициялық мүмкіндіктердің мол екенін түсіндірудеміз. Бізге көбінесе капитал АҚШ, Голландия, Ұлыбритания,Ресей, Қытай,  елдерінен  келеді»,- деді Қалалық «KAZAKHINVEST ҰҚ» АҚ басшысы, Арсен НАСЫРХАНОВ.

Бүгінде,  Алматыда шетел инвесторларының тартылуымен 10 мыңнан астам кәсіпорын өз жұмысын жалғастыруда. Оның тең жартысы көтерме және бөлшек сауда саласына тиесілі. Ал 8 пайызы ғылыми және кәсіби қызметте болса, қалғаны құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында екен.  Есесіне, олар 10 жылға корпоративті, жер және мүлік салығынан босатылады.  Оған қоса шығынның 30 пайызын үкімет өз мойнына алады.