Алматының Медеу ауданындағы бос жатқан жер телімдерін кәсіпкерлерге ұсынбақ

Алматының Медеу ауданындағы бос жатқан жер телімдерін кәсіпкерлерге ұсынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

¤Кәсіпкерлер қарқынын қайта жалғастырсақ. 200 бизнесменің басы бүгін Алматының Медеу ауданында қосылды. Кездесуге екінші деңгейлі банктердің де өкілдері келді. Мақсат-аудандағы банкте кепілдікте  тұрған ғимараттар мен бос жатқан жерлерді  бизнес үшін пайдалануды ұсыну. Қаржы құрылымдары қазір қаңырап  тұрған нысандарды қалталыларға жылына 10 пайыздық үстемемен бермек. Тіпті, 24 айға пайызсыз  бөліп беруге де келісіп отыр.

«Ауданда кәсіпке қарастырылған 133  бос  жер телімі бар. Оған  банкте кепілдікте тұрған 253 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратты қосыңыз. Жер телімі тұрғын үй салуға Достық пен әл-Фараби даңғылынан бойынан бар. Біз барлық ұсыныстарды жеке-жеке қарастырамыз», - деді екінші деңгейлі банктің департамент директоры Қайсар ӘБДІРОВ.


Новости партнеров