АрМИ-2018: әскери байланысшылар сайысында қазақстандық жауынгерлер алда келеді

04.08.2018 04:01

Қазақстанда алғаш рет әскери байланысшылардың арасында сайыс өтуде. Аталған жарыс түріне Қазақстан, Беларусь, Қытай сарбаздары қатысып жатыр. 

Бүгін «Сенімді қабылдау» сайысының екінші кезеңі өтті. Сарбаздар радиограмма арқылы таратылған дыбысты қағаз бетіне түсіріп, қатесіз жазулары тиіс.  

«Сенімді қабылдау» сайысының алғашқы күнінде сарбаздар АК-74 автоматынан оқ атты. Бірінші кезең бойынша біздің жауынгерлеріміз қазірше алда тұр. Екінші орында Беларусь командасы. Қытай Халық Республикасының тобы соңғы орында келеді», – деді ҚР Қарулы күштері Байланыс әскерінің басшысы Арман ҚАЛИЖАНОВ.

«Сенімді қабылдау» сайысында шетелден келген командалар төрешілердің әділ баға беріп жатқанын айтады. Сонымен қатар, жарысқа қажетті жабдықтардың барлығы стандатты түрде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.