Астана Петропавл тас жолында ірі жол көлік апаты болды

06.12.2016 15:41
Ақмола облысында 4 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Астана Петропавл тас жолында ірі жол көлік апаты тіркелген болатын. Атамекен ауылының оныншы шақырымында жолға шыққан автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Полицияның хабарлауынша, автобуста 49 жолаушы болған. «Ниссан Цефиро» көлігі жолдың ортасында тұрған, оның ішінде 6 жолаушы болған. Бурабайдан Астанаға бет алған «Икарус» автобусы темір тұлпармен соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктегі 4 адам қаза тапқан.