Астанада ІІМ-нің қызметкері шетел азаматтарының қалтасын қағып келген

Астанада ІІМ-нің қызметкері шетел азаматтарының қалтасын қағып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал, Астанада ішкі істер министрлігінің қызметкері шетел азаматтарының қалтасын қағып келген. Күдікті өзін миграциялық полиция өкілі ретінде таныстырып, өзге елден келгендерден уақытша тіркеуге тұрғандарын растайтын құжаттарын талап етіпті. Әйтпесе, қомақты айыппұл саламын қорқытқан. Бұл туралы елордадағы Алматы ауданы прокурорының орынбасары Болат Мизанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдіктерге шүйліккен экс-полицей хаттама толтырмау үшін оған пара берулерін талап еткен. Әзірге 2 жәбірленушінің бары анықталды. Күдікті олардан 25 мың теңге алып үлгеріпті.                                            

Новости партнеров