Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының ұяшығын ашқысы келді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы комиеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«1 наурызда Ұлттық қауіздік комитеті соталды тергеу аясында Астана тұрғынын ұстады. Тұрғын елордада «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымның ұяшығын ұйымдастырғысы келген», - делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматыда «Хизб-ут-Тахрир» идеясын насихаттайтын парақшалар таратып жүрген адам ұсталған болатын. Қазіргі таңда аталған ақпараттар бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.