Астанадағы дүкендердің бірінде ұрлық болды

28.09.2017 23:16

Астанадағы дүкендердің бірінде ұрлық болды. Сауда жасап тұрған әйел қымбат байланыс құралын кассада қалдырып кеткен екен. Осы сәтті пайдаланып, ұры оны ешкімге білдірмей үптеп кеткен. Бұл қылмыс дүкен ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Затынан айырылған әйелдің жолдасы қоңырау шалғанымен, ол нәтиже бермепті. Жәбірленушілер астаналықтарды осындай оқиғадан сақ болуға шақырып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған әйелді таныса, дүкеннің күзетіне хабарласуды сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.


«Барлығы 2 минуттың ішінде болған. Бірден әйелімнің ұялы телефонына қоңырау шала бастадым. Басында жауап бермеді, кейін басып тастады. Сөйтіп, кассаға қайта барып, кассир қыздан сұрап едік: бір әйелдің алып кеткенін айтты. Бейнежазбаны соңына дейін қарап шықтық. Онда ұялы телефонды орта жастағы үй киімін киген әйелдің алып кеткенін анық көрдік. Осы шағын ауданда тұратын болса керек», - деді қала тұрғыны Асхат ЖАҚАЕВ.