Астананың Сарайшық көшесіндегі көпірде болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Астананың Сарайшық көшесіндегі көпірде болған жол апатынан бір адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астананың Сарайшық көшесіндегі көпірде түнгі уақытта жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, «ВАЗ-21 140» жеңіл көлігі мен  «Toyota Camry» маркалы автокөліктерінің сау-тамтығы қалмаған. Ел арасында «14» атаумен тарап кеткен ВАЗ көлігінің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақта тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы көлікке соғылып, оқиға орнында мерт болды. Ал, камриді тізгіндеген 31 жастағы келіншек пен 6 жасар баласы ауруханаға түскен. Әзірге нақтысы, азаматшаның бас сүйегіне зақым келіп, ота жасалған. Ал, баласының денсаулығына еш қауіп жоқ депті дәрігерлер.

«25 қаңтар 21:30-да жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 345-шы бабы, яғни осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Соынмен қатар, бірқатар тиісті сараптамалар тағйындалған»,-деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі, Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.


Новости партнеров