Астраханьда қос полицейді өлтірген күдіктілердің бірі қолға түсті

Астраханьда қос полицейді өлтірген күдіктілердің бірі қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астраханьда қос полицейді жер жастандырған күдіктілердің бірі Атырау облысында қолға түсті. 27 жастағы Әлібек Ғазитов бұл өңірде вахталық жұмыс істеп жүрген екен. Алайда, еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталған азаматтың әлгі қылмысқа еш қатысы жоқ екенін айтады. Өйткені, ол Атырауға өткен айдың соңында келіп, қызметіне кіріскен. Ал, қылмыс осыдан 2 күн бұрын болған. Есте болса, ол кезде 8 күдікті жол сақшыларына қару кезенген еді. Салдарынан, көлік апатын тіркеуге келген полицейлердің екеуі де мерт болды. Қаскөйлер олардың қару-жарағын иемденіп, із суытқан. Ресейлік құзырлы орын өкілдері бұл қылмысқа барғандардың арасында Қазақстанда туған 2 азаматтың барын айтады.

Новости партнеров