Ауа райының қолайсыздығынан Универсиада ойындары кейінге шегерілді

01.02.2017 16:08

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Универсиаданың бірқатар спорт ойындары өз уақытында өтпей, кейінге шегерілді. Бұл жөнінде Универсиада-2017 дирекциясының директоры Наиль Нұров хабарлады. Сноуборд ойындары уақытынан кешігіп өтсе, шаңғы қоссайысы жарыстары да бүгінге шегерілді. Барлық спорт түрлері бойынша қосымша сайыс күндері белгіленген.


«Қар қалың жауып тұр. Қаламыз бұған дайын еді. Әйтсе де, сағат 9-да Шымбұлақтағы қардың қалыңдығы 50 см-ді құрады. Сол себепті ойындарды өткізу мүмкін болмады. Әйелдер арасындағы ойын бүгінге шегерілді. Ал сноуборд ойындары 2 сағатқа кешігіп өтті», - деді  Универсиада-2017 дирекциясының директоры Наиль НҰРОВ.