ТМД елдері арасында Алматының қоғамдық көлік жүйесі алдыңғы қатарда

ТМД елдері арасында Алматының қоғамдық көлік жүйесі алдыңғы қатарда
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматының көлік кептелісі, жол инфрақұрылымы және экология мәселесін шешу жолдарын бүгін әлемдік деңгейдегі мамандар ортаға салды. Проблемалардан тиімді құтылуға арналған тетіктер қарастырылып, алып шаһардағы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды. Мегополиске арнайы ат басын тіреген ресейлік урбанист, көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру саласының хас шебері  Михаил Блинкин қала маңында 10 мың темір тұлпарға арналған тұрақтың қажеттілігін, сондай-ақ, алыс-жақын орналасқан елді-мекендерді жалғайтын электрпойыздардың пайдасы жайлы айтты. Оның пайымдауынша, ТМД елдері арасында Алматының қоғамдық көлік жүйесі, айналма жолдары алдыңғы қатарда. Дегенмен, «бұл бастамаларды да жетілдіріп, дамыту қажет», - дейді.

«Қала осы уақытқа дейін логикаға қонымды жұмыстар атқаруда. Яғни көлік кептелісі, жол инфрақұрылымы, тағы да басқа көптеген мәселелерді шешуде Алматы дұрыс қадамдар жасауда. Ойланып қарасаңыз барлық ТМД елдірінің алып шаһарлары соның ішінде Алматы қаласының жолдары, көшелері, ғимараттары Совет одағы кезінде құрылған. Әрине, ол заманда осыншама көлік өте көп болады деп кім ойлаған. Бірақ, проблема бар оны қоғаммен бірлесе отырып шешу керек», - деді Ресей Федерациясы жоғары экономика мектебі көлік экономикасы және көлік саясаты институтының директоры ¤Михаил БЛИНКИН.

Айта кету керек, Алматыда 6 жылдан бері  БҰҰ-ның даму бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтсақ, ұйым арқасында қалаға атақты мамандар келіп, әр түрлі зерттеу жұмыстарын өткізген. Көлік кептелісінен бастап шаһардың экологиялық ахуалы да қаперге алынып, тиісті зерттеу нәтижелері үкімет пен қала басшылығына табысталған. Сондай-ақ, қоғамдық көлікті дамыту, велосипедшілер санын арттыру және халық арасындағы әлеуметтік зерттеулер де осы ұйымның ұйытқуымен іске асырылған.



Новости партнеров