«Сайран» автобекеті тарихи маңызы бар нысандар тізіміне енеді

18.04.2018 02:34

«Сайран» автобекеті күрделі жөндеуден өтіп, тарихи маңызы бар нысандар тізіміне енеді. Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді. Жұмыс сапарымен нысандарды аралау барысында қала басшысы «Саяхат» автобекетінің төңірегінде де болды. Бауыржан Байбектің айтуынша, «Сайран» бұрынғыдай халықаралық талаптарға сай емес және жаңарту жұмыстары барысында менеджмент моделін қайта қарау керек.

«Сайранның» бір күндік жүктемесі мың екі жүз жолаушыны құрайды екен. Ішкі туризмді дамыту мақсатында шаһар басшысы автовокзалға тиесілі аумақты көріктендіріп, ғимаратын жөндеуді тапсырды. Өйткені нысанның қас беті мен ішкі құрылымдары тарихи орынның архитектуралық сәнін кетіруде. Қазір заңсыз құрылыстарды сүру жұмысы басталып кеткен. Ал жауаптылар кәсіпкерлерге қаладағы сауда орындары мен базарларынан ыңғайлы жағдайда орын тауып бермек.


Теги: сайран