Қазақ қолөнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Қазіргі таңда тұрмыс- тіршіліктің өзгеруіне байланысты киіз басу өнері кенже қалып барады.
2002 жылы биология ғылымдарының кандидаты Айгүл Жансерікова киіз басу өнерін еңбек нарығында, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігінде жандандыра білді. Біздің отандастарымыздың киізден жасалған өнімдерге қызығушылығы арта түсті.
Оның жолында кездескен қиындықтар туралы және қазақстандықтардың көзқарасы қалай өзгергендігі жайлы Айгүл Жансерікованың бізге берген эксклюзивті сұхбатынан көріңіздер.