Биыл Алматыда 150-ден астам көше жөнделеді

18.05.2018 02:30

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жолайрық іске қосылғанда көлік қозғалысының легі 20 пайызға артады.  

Қала әкімі Бауыржан Байбек бүгін Алматыда салынып жатқан үш жолайрықтың жұмысымен танысып, мердігер мекемелердің басшыларына тапсырма берді. Қазіргі сәтте Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының, Рысқұловпен  Емцов көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салынып жатыр. Бұдан бөлек, Абай даңғылын Наурызбай ауданының орталығына  дейін қосу үшін ұңғылау жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ Назарбаев даңғылы Жансүгіров көшесіне дейін ұзарады. Жалпы биыл қаланың инфрақұрылымын жаңарту мақсатында  150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаңартылмақ.