Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасымен кездесті

Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Катардың ірі компаниясы Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы, «Фейсал Холдинг» компаниясының басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті.

Тараптар мейманхана бизнесі саласындағы екі жақты инвестициялық байланысты дамыту, туризм, құрылыс және басқа да мәселелерді талқылады.

«Алматы жедел дамып келе жатқан мегаполис, мұнда инвестиция үшін мүмкіндіктер үлкен. Қала тау етегінде орналасқан, ғажап климат, ерекше мәдениет, сондықтан біз үшін туризм мен жылжымайтын мүлік саласы қызықтырады. Алматыдан соң біз әріптестерімізбен бірге Астанаға барамыз, сапар қорытындысынан соң нақты келісімдерге қол жеткіземіз деген сенімдеміз», - деді «Фейсал Холдинг» компаниясының басқарма басшысы ШЕЙХ ФЕЙСАЛ БЕН КАСИМ АЛЬ-ТАНИ.

«Al Faisal Holding» - Катардың ірі жеке холдингі, өз елінің экономикасын дамытуда басты рөл атқарады және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылым болып табылады. Катар делегациясы Алматының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен, туризм саласына, инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалармен, Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың әлеуеттерімен танысты.


Новости партнеров