Дәрігерлер сатушылардың денсаулығын жаппай тексеруді жалғастыруда

Дәрігерлер сатушылардың денсаулығын жаппай тексеруді жалғастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрігерлер сатушылардың денсаулығын жаппай тексеруді жалғастыруда. Бұл жолы жылжымалы медициналық орталық Көк базарға барды. Атап айтқанда терапевт, кардиолог, маммолог және гинеколог мамандар сатушылардың сырқатын анықтап, дәрігерлік кеңесін берді. Дәл осы жерден-ақ жұқпалы аурулар мен қант диабетіне қан тапсыруға болады екен. Бұл аз десеңіз, өкпені рентгенге түсіріп, қас-қағым сәтте нәтижесін білуге мүмкіндік бар.

Көшпелі медициналық орталық өз жұмысын 10-шы шілдеде бастаған. Осы уақытқа дейін мамандар қаладағы 9 әмбебап базарда болып, 1600 адамның денсаулығын тексерген. Енді тамыз айынан бастап, денсаулық жолы акциясы Алматыдағы емханаларда жалғасын таппақ.


Новости партнеров