Алматыда алғаш рет «Абай даңғылы күні» өтті. Медеу ауданы ғылым-білім мекемелеріне, жоғары оқу орындарына, зәулім ғимараттарға толы аймақ. Абай көшесінің орны, әрине, бөлек. Данышпандықта, қазақты сүю де, адамгершілік құндылықты бойға сіңіру де Абайдан бастау алады. Сондықтан, Абай даңғылы күнін атап өтудің болашақты бекемдеуде, жастарды тәрбиелеуде маңызы зор. Бүгінгі мерекелік жиын аясында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, «Абай»оқулары, ұлттық спорт сайыстары мен концерттік қойылым ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін, Медеу ауданында «Достық» даңғылының, «Төле би», «Әйтеке би», «Қазббек би», «Қабанбай батыр» көшелерінің мейрамын өткізу жоспарланып отыр.