Жаңа баспана бағдарламасы арқылы үй алатындар банкке комиссия ақысын төлемейді

22.05.2018 00:20

Бұдан былай жаңа баспана бағдарламасы арқылы үй алатындар банкке комиссия ақысын төлемейді. Яғни, құжатты рәсімдейтін қаржы институтының қызметі тегін көрсетіледі. МұныҰлттық банк бақылауда ұстайды. Есесіне, екінші деңгейлі банктерге бұл қосымша қаржы табудың жаңа тетігі болса керек. Өйткені, «7-20-25» бағдарламасы «Баспана» ипотекалық мекемесі арқылы жүзеге аспақ.

«Баспана» ипотекалық мекемесі екінші деңгейлі банктерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша займды өтеу сомасына өтінім береді. Ұлттық банк тарапынан құрылған жаңа мекеме тікелей қарыз алушымен жұмыс істемейді. Барлық операциялар қаржы интитуттары арқылы жүзеге асырылады. Сәйкесінше, комиссияға қаржы төлемейді», - деді ҚР Ұлттық банкінің бөлім басшысы Данияр СҮТЖАНОВ.