Алматылық журналист-блогерлерден құрылған топ көлік туризмін дамытпақ

Алматылық журналист-блогерлерден құрылған топ көлік туризмін дамытпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлы Жібек Жолы ізімен». Осындай ұранмен алматылық журналист-блогерлерден құрылған топ көлік туризмін дамытпақ. Олар тарихтан белгілі Жібек Жолы бойында орналасқан көне қалаларды аралап, өңірлердің көрікті жерлерін насихаттайды. Медиа-топ еліміздің кезінде сауда керуені болған Оңтүстік өңірлерінің тарихына тереңірек үңілмек. Туристер алғаш болып ұзақ жолды Өзбекстен елінен бастауды жоспарлауда. Саяхатшылар Ташкент, Самарқан, Бұқара, Хиуа, Үргенш сияқты қалаларды 15 күнде аралап шығады. Сондай-ақ, Қытайдан бастап, Жерорта теңізіне дейінгі орналасқан қалаларға да сапарлауды көздеп отыр. Авто турдың нәтижесінде көлемді деректі фильм мен бірнеше авторлық телебағдарламалар, репортаждар жасау жоспарланған. 2 жылға шақталған жобаны біздің арнамыздан да бақылауға болады.

«Саяхатымыздың басты мақсаты - түрлі қалалардың өмірімен, жаңа адамдармен танысу. Сондай-ақ, еліміздегі көлік туризмін дамытып, тарихтан белгілі Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен көркеюін, маңызын насихаттау. Батыстық туристерді еліміздің Сайрам, Отырар, Түркістан сияқты қалаларына тартуды да көздейміз»,- деді «Ұлы Жібек Жолы ІЗІМЕН» жобасының авторы, журналист, Әлібек БЕГАЛИНОВ.

 





Новости партнеров