Дін істері жөніндегі басқарма басшылары Алматыда бас қосты

29.06.2018 16:30

Діни экстремизммнің алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізу керек. Бұл туралы еліміздің дін істер және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын айтты. Қазақстанның өңірлерінен жиналған дін істері жөніндегі басқарма басшылары Алматыда бас қосты. Республикалық семинарда мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Айтуларынша, дәстүрлі дінді дәріптейтін бейне роликтер мен спектакльдерді көбейту керек.

«Біздің министрліктің ең басты мақсаты - әрине ақпараттық түсіндіру жұмыстары. Біз енді құқық қорғау органы емеспіз, сондықтан бізідң басты мақсатымыз халыққа түсіндіру, оның жамандылығын көрсету сөйтіп оған адамдардың алдын алу»,-деді ҚР Дін істер және азаматтық қоғам вице-министрі Берік АРЫН.

Теги: дін істер