Алматылық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр

Алматылық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан толайым қолдау көрсетіліп жатыр. Қала билігі "Даму" қорымен бірлесіп, кәсіптің көзін тапқысы келетіндерге  арзан несие ұсынуда. Қаржылай қолдауға туризм, инновация мен азық-түлік өндірісімен шұғылданып жатқандар ие болады. Оларға берілетін жалпы қаражат қоры 4 млрд теңгеге жуықтайды. Арзан несиені қалай алуға болатынын тілшілеріміз біліп қайтты.

Бұл мейрамхана осыдан 3 жыл бұрын шап-шағын еді. Тар орынға келушілер де аз болған. Оның үстіне, ішкі дизайны өзгелерден мүлде өзгешеленбеді. Сол себепті, былтыр мейрамхана иесі өз ісін жандандыруды көздеп, түрлі банктердің табалдырығын тоздырыпты. Бірақ, олардың пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары болған. Сөйтіп, "Даму" қорына жүгінген. Бөлінген қаражат - қазір тұралаған істі қыз-қыз қайнатыпты.                                                     

«Алған қаражат толықтай жұмсалды. Есесіне, мейрамхана түрленіп сала берді. Келушілердің жайлылығы үшін керекті жиһаздар сатып алдық. Ас дайындайтын бөлмені өзгерттік. Қазір біздің мейрамханаға келіп, тамақтанатын адамдар көбейді. Кеткен шығын, өтеледі деп ойлаймын»,- деді Мейрамхана директоры, Лариса СЕВАСТЬЯНОВА.  

Қала билігі мен "Даму" қоры ұсынатын қаражатты өз ісін бастағысы келетін, яки кәсібі өнбей жатқан кез келген адам ала алады. Қазір Алматыда оларды қолдау үшін 3 бірдей бағдарлама жүзеге асуда. Кәсіпкерге 7 жылға 100 миллион теңгеге дейін ақша берілмек. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 8 жарым пайыздан аспайды.     

«Бұл бағдарламаларға стартап жобалардың иелері де қатыса алады. Егер кепілдік жарнасы жетпесе, "Даму" қоры ол кәсіпкерге қолдау көрсетеді. Бұл - Алматыда іскерлердің көбейіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуы үшін жасалып жатыр»,- деді "Даму" қорының Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары, Едіге МАРҒҰЛАН. 

Қала басшылығы туризмді, инновация мен азық-түлік өндірісін дамытуды көздеп отыр. Осы салалар ілгерілесе, онлайн-бизнес түрленеді. Сондай-ақ, импорттық тауарлардың саны артады. Ал, бұл - сапалы өнімдердің арзан бағада сатылуын қамтамасыз етпек.       

Дастан Сейілханұлы, Ромина Макаримова, Рашидин Якупов, "Алматы" телеарнасы


Новости партнеров