Тозығы жеткен техникаларға төлем сертификат арқылы жүргізіледі. Энергетика министрлігі ескі машиналарды жоюға биыл 23 мың квота бөлді. Ал өткізілген ескі көліктің ақысы ретінде берілген сертификаттағы ақшаны тұрғындар салоннан жаңа көлікті сатып алу кезінде қолдана алады. Яғни, несиеге алатын көліккке алғашқы жарна ретінде ақша төлемей, осы сертификатты көрсетіп, 10-20 пайыздық алғашқы төлемнің орнына жұмсай алады. Елдегі ескі көліктерді жою жұмысы қалай жүріп жатқанын тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы көлікті қабылдау орнына барып көрген еді. Тілішмізбен тікелей байланысқа шығып, жаңа бағдарламаның жай-жапсарын білсек. Әмірболат, Ескі техникаға төленетін қаржы көлемі қанша? Жұрт жаппай ескі машитналарын өткізіп жатыр ма?
Жұрттар ескіде болсада жүріп тұрған көлігін жаппай өткізіп жатыр деуге әлі ерте. Өйткені бағдарлама жуырда ғана қолға алынды. Жалпы, биылғы квотада үкіметтен бөлінген ақшаға 23 мың ескі көлік сатып алынып, ескі машиналар заутқа жіберілмек. 23 мың машинаның 1836-сы 5 тоннадан жоғары жүк және жолаушы тасымалдайтын көліктер. Ал салмағы 12 тоннадан жоғары ескірген 1164 камаз немесе үлкен автобустар сатып алынбақ. Біз жұмыстың қалай жүріп жатқанын білу үшін Алматы облысы, Қаскелең қаласының маңында орналасқан көліктерді қабылдау орталығында болдық. Бұл жерде қазір шамамен 800 ден астам жеңіл көлік жұрттан сатып алыпты. Өткізіп жатқан машиналардың басым бөлігі жигули, москвич машиналары. Араларында ескі мазда, рассат сынды тозығы жеткен техникаларда бар. Бұл машиналарды сатып алу қалай жүргізіліп жатқанын маманнан білген едік.
«Күніне 17-18 машина қабылдаймыз. Бірінші келгенде бәрін құжатын тексеріп, кузовтың номері сәйкес келеме соның бәрін тексеріп, справкасы дұрыс па екен, адамның өзінің жеке куәлігі дұрыспа екен соның бәрін қараймыз. Мақұлдау уақытына шамамен жиырма-отыз минут кетеді. Бізде арнайы автокөлік бар қозғалмалы. Графигі бар, сол кезде келеді»,- деді Көлік қабылдау орталығының менеджері, Досболат ІЗБАСАРОВ.
Тозығы жеткен көлік құралдарын жою кезінде төлем бұрын тікелей теңге арқылы жүргізіліп келген еді. Енді оның орнына сертификатта беріледі. Бірақ таңдау тұрғындардың өз еркінде. Жүріп тұрған жеңіл көлік үшін 150 теңге берілсе, кейбір қосалқы бөлшектері жоқ, яғни жүрмейтін, сынған машианаларға 46 мың теңге төленеді. Ал сертификат арқылы төленетін төлем құны жоғары, 315 мың теңге. Бұл бағаларға жүргізушілер қалай қарайды?
«74 жылғы көлік. Соны утилизацияға өткізгім келген. 150 мың былай нормальный ескі машина ғой. Тағы бір машина бар. Оны өткізгім келмейді. 150 ақша емес оған. Просто двигатель 150 мың тұрады. 626. - Маздағой? - Ия мазда. Оны өзің қаншаға бағалайсың нарықта? Минумум 300 мың теңге. Сертификатпен алмаймын онымен барып салонға. Өйткені, проценті шықпайды. Қолма қол болса болады беруге»,- деді Жүргізуші, Насибола ШААГА.
Ескі автобустарға 450 мың теңге, ал ауыр жүк камаз, урал сынды автомобильдерге 650 мың теңгенің сертификаты беріледі. Бұл сертификаттар тек жаңа көлік сатып алуға ғана жарамды. Жалпы былтырдан басталған бұл бағдарламаның алғашқы кезеңінде 10 мың көлікті жою көзделген еді. Оған 1 миллиардтан астам ақша бөлінген. Биыл тағы 23 машианы сатып алып, өңдеуге жіберуге квтоа бөлінді. Жалпы ескі көліктерді өткізудің белсенділігі жағынан Шымкент, Қарғанды және Алматы облыстары белсенділік танытып отыр.
Рахмет, тікелей байланысқа қосылған әріптесім Әмірболат Құсайынұлы болатын.