Экономикалық дамудың жаңа моделін құру - заман талабы. Ұлттық экономика министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген жиында осылай деп мәлімдеді. Бұған өнімділік пен экспорт көлемін арттыру шаралары сеп болмақ. Сонымен қатар, мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасын одан әрі дамыту керектігін айтты.
Дамудың жаңа моделіндегі маңызды драйверлер экономикадағы өнімділік пен экспорттық дамуды қамтамасыз ететін салалар болмақ. Бұл үшін негізгі серпін өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына берілуі тиіс. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, қазір импорталмастыру шаралы қарқынды жүріп жатыр екен. Жекелеген позициялар бойынша импортқа тәуелділік қазір 60 пайызды құрап отыр. Қазақстандықтардың тұтынатын тауарлары арасында азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі,құрылыс материалдары мен резеңке, пластмасса, металлургия өнімдері өндірісіндеимпорталмасу әлеуеті байқалады.
«Стратегиялық мақсаттарымыздың бірі 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің елдегі үлесін 50 пайыздан кемітпеуді қамтамасыз етуіміз қажет. Осы жылы өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталды. Соның арқасында азаматтарды ауылда немесе қалада өз бизнесі үшін 18 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Бұл үшін қалаларға 10 миллиард теңге, ауылдар мен шағын қалаларда 27 миллиард теңге қарастырылып отыр», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.
Ал мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы келешекте экономиканың барлық салаларына тартылады. Бұл мемлекетке түсетін жүктемені азайтуға едәуір септігін тигізеді. Бүгінде мемлекеттік жеке әріптестік жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша өңірлерде белсенділік байқалған. Ұлттық экономика министрлігінде болашақ инвесторлар үшін аталған жобалар бойынша бірыңғай ақпараттық базаны іске қосуда жоспарланып отыр.
«Қабылданған заңнамалар мен атқарылған жүйелі шаралардың арқасында Мемлекеттік жекеменшік серіктестік жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша өңірлердің белсенділігі артты. Бүгінде 40 жоба бойынша келісім жасалды. Оның ішінде республикалық маңыздағы 48,9 миллиард теңгені қамтитын 3 мемлекеттік жеке әріптестік жобасы бар», - деді ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат ҚҰСАЙЫНОВ.
Ведомоства басшысы алдағы он жылдықта «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» Қазақстан 2025 стратегиялық жоспары әзірленетінін мәлімдеді. Бұл құжат жаңа индустрия мен дамудың жаңа моделін қалыптастыруға септігін тигізбек.
Азамат Әуезханов, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан