ЭКСПО көрмесіне билетті сатып алу ерікті түрде болу керек. Мәжбүрлеуге жол жоқ. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаларға жауап берді. Оның сөзінше, бюджет саласының қызметкерлерін көрмеге баруға міндеттеуге болмайды. Астанада өтетін халықаралық шараның маңыздылығын түсіндіру аса маңызды. Кері жағдайда, ЭКСПО-ның имиджіне залал тиюІ мүмкін. Түсіндіру жұмысын жүргізу облыс әкімдерінің орынбасарларына тапсырылды.
«ЭКСПО-ның елге әкелер пайдасы орасан. Ауқымды шараны өткізгенде бізде тек ғимарат қана қалмайды. Оған қоса, мұнда көрсетілетін теңдессіз технолгия көреміз»,- деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Мейрам БЕГЕНТАЕВ.
«Оңтүстік Қазақстан облысында 70 мың билет сатылды. Адамдар барғысы келеді. Халықаралық ЭКСПО көрмесін көргісі келеді»,- деді ОҚО әкімінің орынбасары, Ербол САДЫР.