«Экспо» нысандарының күзет басшысы Құсайыновтың денесі өз көлігінен табылды.

18.07.2017 17:18

Балық аулауға шығып, үйіне оралмаған «Экспо» нысандарының күзет басшысы Берік Құсайыновтың денесі өз көлігінен табылды. Құтқарушылар мүрдені Ақмола облысы маңындағы Нұра өзенінен алып шыққан. Мамандардың сөзінше, азаматтың денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Қазір мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалыпты. Еске салайық, Берік Құсайынов биыл сәуір айында достарымен демалысқа шығып, үйіне қайта оралмаған еді.

«Біздің қызметкерлер уақытты жоғалтпай, тез көлік батқан жерге келіп жетті. Ауыл тұрғындарының көмегімен өзен аңғарынан көлікті шығарып алдық. Оның ішінен сәуір айында жоғалған осы аталмыш азаматтың денесі табылды»,- деді Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК ресми өкілі, РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ.