Елбасы Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

12.04.2017 17:24
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Бас банктің 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Президент әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Ұлттық банк пен еліміздің қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Елбасы қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған, үнемі кездесетін қатерлерге назар аударып, ұлттық экономиканы дамытудың қазіргі қарқыны жеткізіліксіз екенін айтты. Данияр Ақышевтің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 13,6 пайыздан 8 жарым пайызға төмендеген. Биылғы наурызда бұл көрсеткіш 7,7 пайызды құраған. Мемлекет басшысына 14 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық мөлшердегі шетел инвестициясы келгені және еліміздің сыртқы қарызы азайғаны туралы мәлімделді.