Елбасы жолдауы агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жаңа мүмкіндік туғызуы мүмкін

10.02.2017 16:44

Елбасы жолдауы агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жаңа мүмкіндік. Қазақстан халқының орташа есеппен 46 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, Жолдауда айтылған аграрлық саланы барынша бүгінгі заманға бейімдеу барысы, негізінен, қарапайым шаруа адамына айтарлықтай қолдау болмақ. Шағын фермерлерді кооперативтерге тарту арқылы ауылшаруашылығы саласы жетілдіріле түспек. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдау Алматыдағы достық үйінде талқыланды. 

«Осылардың бәрін біріктірсек, оның бәрін бір орталықтан қаржыландырса, сол бұрын МТС деген болды сондай базаларды ашса, сол бұрынғыдай қазақстан миллиард тонна беретіндей болып өркендер еді. Сонымен Елбасының жіберген жолдауындағы осы сөзді солай деп түсіндім. Шын мәнінде келешекте өркенденуі керек, пайдалануымыз керек деп ойлаймын»,- деді Түркмен этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары, Нұрмұхан БОРАНБАЕВ.