Елімізде қылмыс саны азайып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16 пайызға кеміген. Бұзақылықты ашу деркетері де 70 пайызға жақсарыпты. Одан бөлек, жыл басынан бері 26 мың адамға рақымшылық жасалған. Бұл мәліметтерді ішкі істер министрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде айтты. Жиынға, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовте қатысты. Олар қазір елімізде қылмыспен күрес шаралары мықтап қолға алынғанын жеткізді. Ал, президент өз кезегінде ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында қауіпсіздік қызметкерлері өз жұмыстарын тиянақты атқарды деді.
«Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.