Елімізде репродуктивті медицина бір қадам алға жылжыды

07.09.2017 18:51

Қазақстанның репродуктивті медицинасы тағы бір қадам алға жылжыды. Алматыда аталмыш орталық ашылғалы 10 мыңнан аса бала дүниеге келіпті. Дәрігерлер әйел жатырына ұрықты салмас бұрын, оны тексерудің жаңа тәсіліне көшкен. Енді медиктер ұрықты алдын ала смарт медициналық жабдықпен тексере алады. Әріптесім Сая Меңдеке тың әдісті ақ халаттылардың өзінен сұрап, біліп келген еді. Студияға шықырып өзінен білсек.

- Сая, жалпы репродуктивті орталыққа көбіне қай елден келеді екен? Біздің медиктердің қауқары қандай?

- Негізінде Алматыдағы орталыққа әлемнің түпкір-түпкірінен ерлі зайыптылар келеді. Олардың дені кеш үйленгендер. Немесе, жалғыз басты әйелдер екен. Ал, орталыққа көбіне «Қырғыз Республикасынан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден көп келеді», - деді дәрігерлер.

- Сонда біздің орталықтың артықшылығы неде? 

- Орталықтағы бірнеше емделушімен тілдесіп көрген едік. Көбісі өз елдерінен ем таба алмапты. Оның үстіне бізде «қызмет көрсету сапасы жоғары», - дейді. Дәрігерлер тексеру барысында соңғы үлгідегі техниканы қолданады екен. Ал баға жағы айтпаса да арзан екені белгілі. Дәрігерлер  мұнда келген жұптар, бала сүйіп, елдеріне қайтады деп отыр.

- Түсінікті, ендеше сенің сюжетіңе назар аударайық.

    Қытайлық қазақ қандасымыз жарымен отасқанына 7 жылдың жүзі болыпты. Осы уақытқа дейін сәби көтере алмаған. «Арманым, сәби сүйсем», - дейді. Қытайда қаралмаған дәрігері қалмапты. Бет-әлпетін көрсетпеуді сұраған қызға, туыстары Алматыдағы эко-орталыққа келіп, емделуге кеңес берген. Айтуынша, біздің ақ халаттылардың емдеу әдісі мүлде басқа екен.

     

«Тексеру барысы, позициялары өте жақсы. Енді емделу барысында жақсы нәтижелер болып жатыр. Тексерулер болды бірқатар. Енді Алла бұйырса операцияға кіреміз. Өнімділігі бар деп отыр», - деді  Емделуші

¤Біздің дәрігерлер ұрықты әйел құрсағына салмас бұрын оны тексерудің тың тәсіліне көшкен. Оған мұндағы смарт техникалар септігін тигізеді. Автоматтандырылған жабдықтар медиктердің жұмысын жеңілдетіпті. Жаңа ашылған ғимараттың қауқарымен қала әкімі Бауыржан Байбек танысып қайтты. Мұндай орталықтың маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу мәселесін шешуді тапсырды.


¤Маманның сөзінше, бұрындары эмбрионды толық тексере алмапты. Тек тәуекелге барып, әйелдің денсаулығына қарап ұрықты салған. Ал қазіргі таңда тың технологияның арқасында толық 23 жұп хромосоманы тексере алатын жағдайға жеткен.

    «Біздің новизнамыз осыған кіргізіп жатыр. Бұл гинетикалық тексеру. Ұрықты, эмбрионды анасынан алғаннан кейін әкесімен қосқаннан кейін эмбион пайда болады. Сол баланың қаншалықты дені сау ма, қандай потологиясы бар? Соны әйелдің жатырына кіргізбей тұрып, біз ол эмбрионды тексереміз», - деді Репродуктолог дәрігер Ләззат АЙТҚОЖИНА.

    Жалпы, репродуктивті медициналық орталық ашылғалы бері мұнда 10 мыңнан аса бала дүниеге келген. Қазір, орталыққа әлемнің әр жерінен ерлі зайыптылар келіп, бала сүйіп жатыр екен.

Өмір Әнуарбек, Валери Таубалдиев, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы