Еліміздегі автомектептердің табысы төмендеп келеді

Еліміздегі автомектептердің табысы төмендеп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі автомектептер табысы төмендеп келеді. Бұған 2016 жылдан бастап күшіне енген «Жол жүрісі» туралы заңдағы өзгерістер себеп. Оған сәйкес әрбір азамат өз бетінше көлік жүргізуді үйреніп, жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етілген. Сонымен сандарға кезек берсек. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында автомектептер табысы 645 млн 100 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға кем. Енді нақтырақ айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысында автомектептер табысы 97 млн 400 мың теңге болса Қарағанды облысы да бұл көрсеткіш бойынша алдынғы қатарда онда 82 млн 500 мың теңге. Ал, Алматы облысында автомектептер 40 млн 250 мың теңге көлемінде табыс тапқан. Жалпы, сарапшылардың пайымы бойынша автомектептерге сұраныс 2013 жылдан бастап төмендей бастаған. 2014 жылы 3,3 пайызға, 2014 жылы 6,9 пайызға, ал 2016 жылы 10,5 пайызға құлдыраған. (ГРАФИКА-4) Айта кету керек, өз бетінше темір тұлпарды тізгіндеп үйренген азамат, көлік жүргізуші куәлігін алу үшін 40 минутта 40 сұраққа жауап беруі тиіс. Сондай-ақ 8 қате жіберуге ғана мүмкіндігі бар. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылы 2 мың 800 өз бетінше дайындалған үміткерлердің тек 20 пайызы ғана тестілеуден сүрінбей өтіп жүргізуші куәлігін алған. Ал автомектепте білім алғандардың 50 пайызы аталған тестілеуді жақсы нәтижемен тапсырып шығады екен. Ақпараттар energyprom.kz сайтынан алынды.


Новости партнеров