Еліміздегі түлектердің 30 пайызы ҰБТ-дан бас тартып, шетелдік грантқа түскен

Еліміздегі түлектердің 30 пайызы ҰБТ-дан бас тартып, шетелдік грантқа түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді депутаттар бір мәселені қарарда қызылкеңірдек болуға міндетті. Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматуллин әріптестеріне осындай үндеу тастады.  Ал еліміздегі түлектердің 30 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартып, шетелдік грантқа түскен. Қазақстандағы гранттарды үлестіру жүйесі болашақ маманның шетел асып кетуіне себеп болуда. Мәжіліс отырысында депутат Дания Еспаева осылай деп, білім министрлігіне депутаттық сауалын жолдады.

¤

«Аталған жайттар жас азаматтарымыздың басқа жол таңдауына сеп болып жатыр. Айтпағым, олар бастарын көп қатырғысы келмейді. Мемлекеттік грант пен өзге де жақсы мүмкіндіктер ұсынатын бірнеше елдер, мысалы, Ресей, Чехия, Қытайдың жоғары оқу орындарының барын айтуға болады», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Дания ЕСПАЕВА.

¤

Деректерге сүйенсек, осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартып, шетелдік оқу орындарын таңдаған түлектердің саны 40 мыңға жуықтайды. Ол мектеп бітірушілердің шамамен - 30 пайызы. Депутаттың ойынша, ресейлік, чехиялық және қытай елінің жоғары оқу орындары ешқандай ұлттық тестілеусіз білімді абитуриенттерді таңдап алады. Осы ретте «Ақ жол» фракциясы 110-нан жоғары ұпай алып, мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған түлектерді сыртқа теппей, басқа мамандыққа ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. 


Новости партнеров