Еліміздегі ұлттық әуе тасымалдаушысы жолаушылардың қара тізімін жариялады

Еліміздегі ұлттық әуе тасымалдаушысы жолаушылардың қара тізімін жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі ұлттық әуе тасымалдаушысы жолаушылардың қара тізімін жариялады. Компанияның қауіпсіздік жөніндегі тізіміне 28 жолаушының есімі енген. Оның қатарында Мақсат Үсеновте бар. Әуеде ережені бұзғандарға 7 мыңнан 450 мың теңгеге дейін айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Әуедегі қауіпсіздікке жауап беретіндер осы туралы айтып беруге дайын. Қайырлы кеш, Айжан Шашымқызы? Өздеріңіз жариялаған тізім жайлы айтып берсеңіз. Диструктивті қызметтің неше түрі бар?

«Қайырлы кеш, Әнуар! Бұл сұраққа жауап беретін болсақ диструктивті жолаушы дегеніміз әуе кемесінде жолаушыларға немесе экипаж мүшелеріне немесе ұшу қауіпсіздігіне кедергі жасайтын жолаушыларымыз болып табылады. Халықаралық ережелерге сәйкес диструктивті жолаушылардың 4 деңгейі болады. Ең бірінші деңгей бұл ұшақ бортында темекі тарту немесе өздеріңіз білетіндей қауіпсіздік белдігін тақпау немесе дөрекі сөз айту болып табылады. Екінші деңгей бұл қауіптірек болып табылады. Бұл күш жұмсау яғни. Немесе жолаушыларға немесе осы экипаж мүшелеріне күш қолдану болып табылады. Үшінші деңгей. Бұл деңгей өмірге қауіп төндірсе яғни қару қолдану. Немесе тасымалдау. Ал төртінші деңгей бұл ең қауіпті деңгей. Яғни, мына экипаж мүшесі капитандардың кабинасына ену немесе ұшақты басып алу әрекетін жасау болып табылады»,- деді AIR ASTANA әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімшісі, Айжан ҚҰТТЫБАЕВА.

Диструктивті жолаушыларды жөнге келтіру үшін қандай шараларды қолданасыздар? Борт серіктер халықаралық ережелерге сәйкес қалай әрекет етуі тиіс?

«Жолаушыны тыныштандыру үшін ең алдымен біздің борт серіктер тарапынан ауызша ескерту жасалады. Бұл ескертуді елемеген уақытта немесе тыңдамаған уақытта ұшып келісімен жаңа диструктивті жолаушыларымыз құқық қорғау органдарына тапсырылатын болады. Және де егер де жолаушы өзін дұрыс ұстамаған болса немесе қауіп төндіретін болса ұшу қауіпсіздігі қауіп төндіретін болса бұл кезде әрекетті шеттеу құрылғысы қолданылады. Бұл кезде құрылғыны қолдану бұл әрекет ету осындай диструктивті жолаушылармен қалай жұмыс істеу керек екені туралы біздің борт серіктер алдын ала оқытудан өтеді және қалай да қолдану керек екенін біледі»,- деді AIR ASTANA әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімшісі, Айжан ҚҰТТЫБАЕВА.

Білуіміз бойынша ережеге көнбеген жолаушылар сұр тізімге енеді. Жалпы, қазір бұл тізімде қанша адам бар?

«Біздің білуімізше олар сұр тізімге енгізіледі. Қазіргі уақытта бізде сұр тізімде 28 жолашуымыз бар. Жалпы, сұр тізімге енген жолаушылар кішкене құқықтары шектеледі. Яғни, ең біріншіден ұшу кезінде бұл жолаушылар қатаң қадағалауда болады. Яғни, борт серіктер қадағалап отырады. Бұл жолаушының тәртібін және ол алкогольды сусындар ұсынылмайды. Мұндай халықаралық ережелер болып табылады. Сондықтан, біз осы ережені ұстанамыз. Сұр тізімге екінші рет енетін болса бұл жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқығымыз бар»,- деді AIR ASTANA әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімшісі, Айжан ҚҰТТЫБАЕВА

Айжан тұщымды ақпаратыңыз бен тікелей байналысқа шыққаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Ал біз хабарымызды басқа да жаңалықтармен әрмен қарай жалғастырамыз.


Новости партнеров