Фарида Турсумбекова: Артық салмақпен күрес?

Фарида Турсумбекова: Артық салмақпен күрес?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Негізі, мен толық емес, жайлымын! – деп сөзімді аяқтадым да шығып кеттім...

Кинода әртістер әдемі кетеді ғой, ал шынайы өмірде мен керемет безендірілген, көз жауын алатын кешкі көйлектер ілініп тұрған дүкеннен алды-артыма қарамай тұра жөнелдім...

Бәрі қалай жақсы басталып еді. Мен жиенімнің тойына әдемі көйлек сатып алғым келді. Оған қоса, танысым баяғыда ұмыт болып кеткен қарызды қайтарды. Яғни, жолым болғаны осы екен деп, ш-ш-ш-шопингке шықтым. Осы бір сөз ұнамайды өзіме. Көңілімді бұзып, депрессия шақыратындай болып көрінеді.


Журналдарда шопинг – әйелдердің ең сүйікті ісі деп жазылған. Мүмкін мен дұрыс әйел емес шығармын, шопинг дегенде басым ауырып, өзімді әлемдегі ең семіз, ірі адам ретінде сезінемін.

Бірақ тыр жалаңаш жүру өлеңде ғана әдемі... әлгі өлең бар еді ғой: нравится мне, когда ты голая по квартире ходишь…

Мен таңертен бір шыны-аяқ кофе ғана іштім, таңғы асымды ішпедім (кішкене болса да арық болайын деп). Одан кейін ең қолайлы-ау деген сауда орталығына жол тарттым.

Мен бір бутиктен екінші бутикке кіріп, түрлі түсті, әр түрлі брентке жататын сәнді киімдерді витринадан қарап шықтым. Әйтеуір дегенде менің фантазиямдағы киімге ұқсайтын дүниені тапқандай болдым.

Терең тыныс алып, табалдырықты аттадым...

-Қайырлы күн, айтып жіберіңізші – деп сөзімді бастағаным сол еді, мені бөліп жіберді...

-Сізге шақ келетін бізде ештеңке жоқ – деді 38-40 өлшемде киетін қыз.

Ызам келім, басымда: О, Құдайым-ау, маған өмірімде бірінші рет дөрекілік танытып тұрған адаммын деп ойлайсын ба? Өкінішке орай, біздің қоғамда бұл әдеттегі жағдайға айналғаны қашан, деген сөздер келді. Мен оған шақпалы сөз айтайын дедім де, бетіне қарап тұрып райымнан қайттым. Дөрекі сөйлей аламын, бірақ, біріншіден, ол оны түсіне қоймас, ал екіншіден одан мен арықтап кетпеймін.


- Бірақ сіз менің не сұрайын деп тұрғанымды білмейсіз ғой! Мен анау ілініп тұрған көйлекті киіп көрсем ба деп едім, менің ойымша ол маған шақ келіп қалады...

-Жоқ сізге ол кішкентай болады...

-Бәрібір киіп көрсем ба деймін...

-Әрине! – деп арықында көнді.


Оның аузынан шыққан «Әрине» деген сөзді сіздер естісеңіздер! Басқаша сөзбен  жеткізсем, былай болар еді: Өзіңіздің сиыр екендігіңізді көріңіз де, түсініңіз!

Менің ағзанда қандай деформациялардың болатынын мен білмеймін, бірақ егер менің ашуыма тисе, керек болса кез келген киімге сыйып кетемін... 42-ден 52-ге дейін.

Бар демімді шығарып, жанағы көйлекті үстіме кидім.

Қарсыластарының алаңында жеңіске жеткен әскери шеруді көріп пе едіңіз? Міне, мен дәл сондай қадаммен киім өлшейтін бөлмеден үлкен айнаға бет алдым. Тыныс ала алмадым, сөйлеуге де шамам жетпеді. Бірақ менің түрімді көрсеңіздер...

Қыздың да түрі өзгеріп кеткен, ол да таң қала алады екен.

Дүкенге менің қызым мен оның құрбысы кірді. Екеуі бір уақытта: Вау! Қандай әдемі! Ханшайымдай болып кеттіңіз, деп өз ойларын айтып жатты.

Ал «ханшайым» енді 30 секунд тұрса, ауа жетпегендіктен жерге құлайтынын сезіп тұрды. Жан-жағыма күлімсіреп қарап, әдемі саркофагты шешуге кеттім:))))))))

Киім ауыстыратын бөлмеден шығып, қызға көйлекті қайтардым да: Болашақта есте ұстаңыз, жастық шақ пен сымбаттылық – тез өтіп кететін дүние. «plus» өлшемін кисе де, әйел әйел болып қала береді, дедім.

Өзін ақтап алу үшін артымнан бір нәрселерді айтып жатты, бірақ мен оны естімедім, қызым мен оның құрбысын алып, сыртқа шығып кеттім. Шығар есікке жетіп, артқа бұрылып: негізі мен толық емес, жайлымын! – деп сөзімді аяқтап, шығып кеттім.


ПыСы:

-Ана, неге сіз бағанағы көйлекті алмадыңыз?

- Балапан, себебі, мен ол көйлекке екінші рет сыймаймын)))))))))))))))))))

Жалпы, менің ызам келгені соншалықты, «60 күн детокс» бағдарламасын бастамақшымын! Намысқа тырысамын! Мен бұл көйлектті міндетті түрде сатып аламын!

Жалғасы бар....


Текст: Фарида Турсумбекова

Аударған: Меруерт Сағымхан



Новости партнеров