Қала ортасында тыр жалаңаш жүрген қостанайлық жазаланды

18.07.2018 17:37

Қала ортасында тыр жалаңаш жүрген 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға 12 шілде күні Қостанай қаласында болған.

«Абай көшесінің бойында жалаңаш жүрген 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Қазір ол ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген облыстық ІІД хабарламасында.

Полицейлер ер адамның не үшін шешініп жүргенін айтқан жоқ.