Алматыда банктердің бірінен қомақты қаржы тоналды

Алматыда банктердің бірінен қомақты қаржы тоналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда орналасқан екінші дәрежелі банктердің бірінен қомақты қаржы тоналды. Оқиға Сәтпаев пен Айманов көшелерінің қиылысында орын алған. Қазір бұл жағдайды құзырлы орындар бақылауына алып, тергеу амалдары басталып кеткен. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, қылмыскер жалғыз болған және ол 65 млн көлеміндегі қомақты қаржыны қолды қылған.

«Аталмыш дерек қылмыстық істің 191 бабының нормалары бойынша бірыңғай сот алды реестрге тіркеліп, қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жалғасуда. Қазіргі таңда тергеудің мәліметтері нақты жария етілмейді. Өйткені қандай да бір мәлімет бұл істің ары қарай тергелуіне кесірін тигізуі мүмкін»,- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров