Испанияда бір тәулікте екі бірдей теракт болды

21.08.2017 14:10

Испанияда бір тәулікте екі бірдей теракт болды. Барселона қаласында кішкентай жүк көлігі халық ығы-жығы жүретін жолда бір топ адамды әдейі қаққан. Лаңкестік шабуылдан 13 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды. Кейін тура осындай оқиға Каталонияда қайталанған. Одан жеті адам зардап шекті. Теракт кезінде Қазақстанның азаматтары болмады. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растап отыр. Дегенмен, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қанды қырғынды Қазақстанда тыйым салынған «ислам мемлекеті» террористік ұйымы ұйымдастырған екен. Күдікті ретінде 17 жастағы француз Мусса Укабир танылған.


«Барлық испандықтар атынан Барселонадағы халыққа көңіл айтамын. Бұл қала лаңкестік шабуылдың астында қалды. Ондай жағдай әлемнің басқа қалаларында да орын алып жатыр», - деді Испанияның премьер-министрі Мариано РАХОЙ.


Қанды қырғыннан кейін, елдегі қарулы күштер күшейтілген тәртіпке көшкен.  Полиция каталониядағы лаңкестердің көзін жойды. Өйткені, қасқөйлер тағы да бірнеше шабуыл ұйымдастырмақ болған. Испанияда үш күндік қаралы күн жарияланды. Халық марқұмдарды аза тұтып жатыр.