Қарағандыда мектеп отқа оранды

13.09.2018 15:00

12 қыркүйекте Қарағандыда Восток-1 шағын ауданында орналасқан №36 орта мектебінде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті.

Өрт 20.56-де басталған. Шатырдың ағаш конструкциясы тұтаныпты. Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Өрт 22.55-те сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қарағанды облысының Білім басқармасы басшылығы балаларды басқа мектептерге бөлу туралы шешім қабылдаған.

Өрт сөндіруге 55 адам және 15 техника қатысты.