«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жиын өтті

20.04.2018 15:44

Алматыда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жобаны талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының өкілдері, студенттік ұйымдардың көшбасшылары мен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысты. Мемлекет басшысы ұсынған аталмыш жоба - қоғамдық сананы жаңғыртудың бастауы, -дейді ұйымдастырушылар.  Енді біздің студенттер әлемнің маңдайалды ғалымдарының еңбектерін өз ана тілімізде оқи алады. Айтпақшы, қазақ тіліне аударылатын оқулықтың бәрін ұлттық аударма бюросы таңдаған.

«Бұл оқулықтар арқылы біз әлемдік кеңістікке тараған ең үлгілі кітаптарды қазақ тілінде емін-еркін оқи аламыз. Бұл жастарға, артымыздан ерген ұрпаққа үлкен көмегін берері сөзсіз», - деді «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы  Ерзат МЫСЫР.