Чернобыль апатынан зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж

21.08.2017 16:20

Чернобыль апатынан зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж. Мыңдаған ардагер әлі күнге дәрігерлердің көмегіне жөнді жарымапты. Одан қалды, тегін дәрі-дәрмекке де қол жеткізе алмай жүр. Сөйтсе, мемлекеттен ардагерлерге берілетін дәрі-дәрмек барлығына бірдей жетпейді екен. Апаттан зардап шеккендерді жыл сайын ауруханаға жатқызуға да мүмкіндік жоқ. Оның үстіне, оларға берілетін жәрдемақы мәселесі осы күнге дейін шешімін таппаған.

«Былтыр зейнетке шыққам. Екінші дәрежедегі кембағалмын. Зейнетке шықпай тұрып, мүгедектігім үшін ай сайын 60 мың теңге алып жүрдім. Енді міне, зейтнетке шыққан кезімде маған 61 мың теңге беретін болыпты. Мұның мәнісін сұрағанымда, әлгі ақша тек зетнетақы есебінде берілетінін айтты. Ал, мүгедек екенім мүлде ескерілмейді», - деді ЧЕрнобыль ардагерлері одағының төрағасы Халел ТӨРЕҒАЛИЕВ.

Қазір елімізде Чернобыль апатына қатысқан 5 мыңға жуық ардагердің көзі тірі. Апатты ауыздықтауға бас-аяғы 600 мың адам жұмылған екен. Солардың 32 мыңы біздің отандастарымыз.


Теги: Чернобыль