Елімізде баланың туу туралы куәлігі енді 3 сағатта дайын болады

Елімізде баланың туу туралы куәлігі енді 3 сағатта дайын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде баланың туу туралы куәлігі енді 3 сағатта дайындалады. Азаматтарға арналған үкімет пилоттық жоба аясында сұранысқа ие қызмет түрлерін жеделдетуді қолға алған. Небәрі 3 сағатта енді неке куәліктерін, өлімді растайтын құжаттарды алуға болады. Тұрғындардың өтініші кешкі 5-ке дейін қабылданады. Одан кейін түскен арыздар келесі күні қаралады.

«Әзірге пилоттық жоба екі халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Бостандық және Жетісу аудандарындағы орталықта. Кейіннен ол басқа орындарда іске асырылады деп жоспарлануда. Аталған шара халықтың уақытын үнемдеу үшін жасалды»,- деді HR-менеджер, Кәрімжан АМУРЛАЕВ.


Новости партнеров