Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды еліміздің экономистері жасап отыр. Оған себеп- көрші Ресейдегі бензин құнының шарықтауы. Ондағы баға орташа есеппен 80 тиынға өскен. Сарапшылар жанармай бағасы көтерілмесе, түспейді деп отыр. Сонда көрші елдегі қымбаттаудың Қазақстанға қандай қатысы бар? Жанар-жағармай туралы болжам нендей? Осы сауалдарға жауап алу үшін біз экономист-сарапшы Мақсат Сералымен тілдесіп көрмекпіз.

-Қайырлы кеш Мақсат Серікұлы! Ресейде жанармай бағасы қымбаттаса, Қазақстанға ол әсер ете ме?  

-Қайырлы кеш Тоғажан. Өте орынды сұрақ. Қазіргі таңда біз Ресейде жанармайдың қымбаттауын көріп отырмыз. Әр аймақта әртүрлі қымбаттау белгіленіп отыр. Бірақ орта есеппен есептегенде 0,1-0,5 пайыз арасында қымбатталды. Енді бұл қымбатшылық немен тікелей байланысты болып отыр? Бұл өздеріңізге белгілі, нарықтағы мұнайдың бағасы қымбаттады. Яғни, ол қазіргі таңда бізде 79-80 долларға жуықтап тұр. Бұл өзіндік құнының жоғарылауына және жанармай зауыттарының шикі затты сатып алу кезінде қымбаттаудың негізінде қазір нарықта қымбатшылық белгілі бір деңгейде көрсетіліп тұр. Енді Ресейде қазіргі таңда біздің нарыққа бұл міндетті түрде жанама әсерін тигізетіні анық.

-Әсерін тигізсе, Қазақстанда жанармай шамамен қаншаға қымбаттауы мүмкін деп ойлайсыз?

Енді біздің жанармай нарығын алып қарайтын болсақ, Қазақстанда қазіргі таңда 70 пайызын отандық өндірушілер қамтамасыз етіп отыр. 30 пайызын көршілес мемлекеттер, Ресей федерациясынан біз жанармай тасымалдаймыз. Сондықтан біз бұның ішіндегі Қазақстандағы жанармай тасымалдаушы компаниялардың қай компания тасымалдайды? Егер ол тасысмалдайтын болса, міндетті түрде өзіндік құнына әсер етеді, жанармайдың белгілі бір деңгейде қымбаттауына әкеліп соғады. Бірақ өте көп көлемде емес, өйткені біз айтып кеткендей 0,1-0,5 пайызға қымбатшылық көрініп отыр. Енді Қазақстанда өзгеше жағдай. Өйткені, Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты толыққанды реконструкциядан өтті. Ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіншілігі жетеді. Ал жетіспеушілік жағдай болса, Ресейден алып келінеді. Ресейден алып келген жанармайдың бағасы  нарыққа қымбат болып түседі. Сондықтан баға көтеріледі. Бірақ қай деңгейде, қаншалықты көтерілетіні бұл әзіргі таңда белгісіз. Өйткені, Қазақстанда қазіргі таңда жанармай тапшылығы көрінбейді. Тек шетелден алып келетін компаниялардың бағасы қымбаттайды. Енді нарықтың өзін алып қарасаңыздар, қазір жанармай сатушы орындарда Ресейдің бағасы бөлек. Қазақстан жанармайының бағасы бөлек көрсетіліп тұр.

-Қазақстанда жанармай тапшылығы «әзірге» байқалмайды дедіңіз. Ал болашаққа болжам айта аласыз ба?

-Енді жалпылама алып қарайтын болсақ. Қазақстанда қазіргі таңда бүкіл әлемде, мына АҚШ-тың, Иранның санкциясынан шығуының арқасында жанармай емес, жалпы мұнайдың бағасы қымбаттауы өте қарқын көрсетіп тұр. Енді мұнайдың қымбаттауы ерте ме кеш пе жанармайдың қымбаттауына әкеліп соғады. Сондықтан біздің отандық өндірушілердің қазіргі таңда 3 зауытымыз қаншалықты көлемде мұнай өндіру жұмысын жүргізе алады, оларды шикі затты қаншалықты көлемде сатып алып, қаншалықты нарыққа шығаруға дайын екендігіне байланысты. Енді жалпы бағаның қымбаттауы белгілі бір деңгейде көрінеді. Бірақ өте қатты деңгейде емес, өйткені біз білеміз, бұл жанармайдың бағасы тікелей Үкіметтің қадағалауында тұр. Сондықтан кез келген көтерілістер міндетті түрде Үкіметтің тарапынан талқыланып, мұнайды жаңа деңгейге немесе тағы да қосымша өсіруге байланысты рұқсаттама алу керек. Енді жалпылама алып қарайтын болсақ. Қазақстанда жанармайдың бағасы орта есеппен 1,2,3 теңге ауытпаушылықпен сатылып жатыр. Осы деңгейде арғы айларда 1-2 теңгелік баға өзгерісі байқалады.

-Яғни, қымбаттаса, 1-2 теңгеге ғана, асып кеткенде 3 теңгеге қымбаттайды дейсіз ғой сонда?

-Енді болжам бойынша солай көтеріледі. Өйткені Қазақстан өзін қазіргі таңда қамтамасыз етіп тұр. Шетелден алып келген мұнайдың бағасы сәйкесінше құны өзгереді.      

-Түсінікті, Мақсат Серікұлы, тікелей байланысқа шығып, ойыңызбен бөліскеніңізге алғысымызды білдіреміз.


Новости партнеров