Қазақстандағы діни бірлестік өкілдері ағаш отырғызу рәсіміне қатысты

Қазақстандағы діни бірлестік өкілдері ағаш отырғызу рәсіміне қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайының «Дінаралық аллеясына» жас көшеттер отырғызылды. «Қазақстан халықтарының бірлігі - елдің басты байлығы» деген атаумен өткен игі бастамаға елімізде тіркелген 18 діни бірлестіктің өкілдері қатысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ағаш отырғызу шарасын көптеп өткізіп, қаланың әр жерін жасыл желекке айналдыруға қала тұрғындарын да шақырды.

«Ағаш-бәйтеректі отырғызуымыз, бұл біздің басқа дін өкілдерімізбен, барша халықпен, әр түрлі ұлт пен ұлыстың ауызбіршілігін, татулығын бейбітшіл заманда өмір сүріп жатқанының белгі болу мақсатында осындай қазақтың қасиетті ұғымы- бәйтерек ағашын отырғыздық. Мұндағы мақсатымыз - ауызбіршілікке, татулыққа, бейбітшілікке шақыру», - деді Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Асқар МҰҚАНОВ.


Новости партнеров