Қазақстандық журналистерді террористер кепілге алды

23.06.2018 00:49

Ондаған журналистерді террористер кепілге алды. Төтеден тап берген содырлардың соққысынан  тілшілердің басы жарылып, аяқ-қолдары жарақаттанған. Ақпарат саласындағы адамдарға шабуыл жасаған қаскөйлер тіптен қыздардың бет-аузын да көгертіп, аямаған. Содырларың соққысынан журналистерді құтқаруға  Қазақстан қарулы күштерінің арнайы жасағы араласты.

Террористердің төтеден тап берген шабуылынан тілішлер тым-тырақай сары далада безіп келеді. Ызыңдаған миллиондаған маса-шіркейден қорғану үшін мынанадай тор, бет перде берілген. Қауіптен құтылудың жолы ол таулы, жолсыз жермен түні бойы 15 шақырымды жүріп өту. 

Арқадағы ауыр жүк пен адымды аштырмайтын биік бұталар бұқпайлай жүрген журналистерді жылдам шаршатты. Өрге озғанмен төменге түсу қиямен қайымға айналды. 

Биылғы «Әскери дискурстың» өзгешелігі таулы жағдайларда экстремалды журналистика мен альпинизмге арналуында. Таяу шығыс, Орталық Азияның кейбір мемлекеттерінде күш бермей, өз мүдделері үшін күресіп жатқан баскесерлер дәл осындай таулы-қыратты жерлерде тығыла жүріп, бейбіт елге дүркін-дүркін қауіп төндіруін тоқтатпай келеді. Оқиға орына барған тілішлердің қаза табуы көп. Көбіне  теория түрінде жұмыс жасайтын журналистердің тәжірибесі толық емес. Салдарынан ақпарат құралдары өкілдерінің  отты орындарда опат болған жиі. Осы жайтты ескерген қорғаныс министрлі қалам мен қаруды қиын жерде қатар алып жүруді журналистерді тәжірибеде сынатып көруді жөн көрген.

Біз альпенист емеспіз. Бірақ берілген тапсырма солай болғандықтан  қия құздан түсуге  мәжбүрміз. Бірақ өте қауіпті. Мындандай бұталардан ұстап төменге сырғып келеміз. Абайламасаң аяғың тайып төмендегі құздан әп-сәтте бірақ шығуың ғажап емес. Мына секілді жарақат алған адамдар көп кездесіп жатыр. 

Тауға тығылған тілшілердің тыныштығы  түнде бұзылды. Автоматтың шаңқылдаған дауысынан ес жиып үлгергенше бет берде киген  содырлар журналистерді жаппай қепілге алды.

Оқу-жаттығу деген аты болмса, кепілге түскен тілішлер соққы жеуден кенде болған жоқ. Тергеу, қинаудың түр түрін көрді.

Төрткүл дүниеге тыныштық бермей тұрған террор туралы қалам тербегенді, олардың жауыздық әректетін әшкерелуді  тәуір көретін тілшінің бірі Аня. Бірақ кепілге алынудың шын мәніде қиын екендігін  түйсігінмен емес, тәнімен сезініп көрген нәзік қызды қаскөйдің рөлін ойнаған арнай жасақ аямапты.Көзін көгеріпе, қолы қайырылған газеттің коресспонденті  таяқ жесемде келгеніме өкінбеймін дейді.

«Бетімнен қан ағып жатқанын сездім. Бірақ кепілге алынған жағдайда қарсыласудан ештеңе шықпайды.  Террорситер ондайда бірден атып татсайды.Олардың  бұйрығын  орындаудан басқа жол болмадйы.  Қолым байлаулы болды. Соққыдан көгеріп қалдым бетім. Түсінгенім, біз қазақстанның журналистері қиын сәтте жұмыс жасауға мүлдем дайын емес екенбіз»,-деді  тілші Аня ВЕЛИЧКО. 

Әдетте ақпарат тарауға шебер тілшілер шынайы атыс алаңында қалай әрекет ету, қолға түсіп, кепілге алынған жағдайа қалай жауап беру керектігінен де мүлдем хабарсыз болып шықты. Дискусртағы тағы бір қиын тапсырма уланған суды залалсыздырып ішу болатын.

«Қолда бар,далада табуға болатын заттарды алдық. Ол құм,оттың шоғын салдық. Одан кейін хна салдық, не болмаса мақта салдық.Оның үстін тастармен жауып, ішуге жарамсыз суды үстінен құямыз»,-деді тілші Индира ЕСКЕНДІР.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған журналистер мен блогерлер үш күн Іле өзенің аңғарлары мен иен далада сан түрлі кедергілерге тап болып, қорғаныс министрлігіне қарасты арнайы жасақтың "тосын сыйларына" төтеп берудің  жолдарын үйренді.

«Жоқ, журналистер экстремалді жағдайға, соғыс ошақтарына баруға дайын емес. Қазір әлемдегі қиын жағдайға қарасақ, біздегі ақпарат саласы өкілдерінің тәжірибесін жетілдіріу қажет. Бұл жолы су, тамақтан ғана шектетіп қоймай, қажетті киімдерді де бермедік. Барынша ыңғайсыз жағдайға қалтырдық. Журналистердің психолоогиялық және физикалық мүмкіндігін сынадық»,-деді ҚР Қорғаныс министрлігі "әскери дискурс" арнайы жасағының командирі Руслан ЭЮГОВ .

Басы да, балтыры да қанаған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері терроризм мен экстермизмді ақпараттық тұрғыда тарату қағидалары туралы дәрістерді тыңдады. Әскери дискурс тілшілер үшін тың тәжірибе жинаудың жолы болып қала бермек.

Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, Алматы телеарнасы.