Қазақстандық оқушылардың роботтары Мәскеуді таңғалдырды

12.06.2018 20:30

Қазақстанның жас инженерлері 2018 жылғы маусымда Мәскеу қаласында өткен LEAS Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаздың алғашқы күндері Ресей астанасындағы Kids City («Балалар мамандықтарының қаласы») балаларға арналған білім беру-сауықтыру жобасы алаңында өткен LEAS (LEGO Education Afterschool Programs) Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша жарыстардың гранд-финалы қазақстандық вундеркиндтердің кезекті жетістігімен есте қалды.

Қазақстанның бес жұлдызы – Румейса Варол, Төлеутай Қасенов, Кирилл Табачников, Имран Мухаммад және Валерия Примаченко – функциялары Жердің тірек орбиталарында ғарыштың ірі қалдықтарын іздеу, жинау және кәдеге жарату болып табылатын, автономдық роботтарды жинау және бағдарламалау бойынша күрделі тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Қарқынды дайындалудың үш айының шарықтау шегі болған ең үздік робот конструкторларының титулы үшін қиын күресте сондай-ақ Пермь, Екатеринбург, Железнодорожный және Красногорск қалаларының мектеп оқушылары лайықты өнер көрсетті. Конкурс «Жер маңайындағы ғарыштық кеңістікті бірге тазалайық!» ұранымен, кіші (он жасқа дейінгі) және үлкен (он жастан үлкен) екі жас категорияларында өтті.