Халықаралық сарапшылар батыстың кәсіпкерлікке қатысты санкциялар саясатының әсерін талқылады

17.04.2018 00:30

Батыс елдерінің кәсіпкерлікке қатысты санкциялар саясатының әсерін халықаралық сарапшылар талқылады. Экономика, қаржы және энергетика саласының мамандары бас қосқан жиынға 90-ға жуық ғалым қатысты. Сонымен қатар, Түркия, АҚШ, Әзірбайжан, Үндістан, Қытай және Кипрден келген профессорлар өз баяндамаларын оқыды. Талқылаулар 2 күнге созылады.

«Бұл конференцияның басты мақсаты - жаһандық және геосаяси өзгерістерге, экономикалық өзгерістерге байланысты жалпы Еуразия аймағындағы осы энергетика, финанс, экономикалық саласындағы соңғы өзгерістерге, жаңалықтарға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтардың соңғы өзгерістеріне арналады», - деді Алматы қаласы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек ҚАНАЙ.

«Мен АҚШ-та жұмыс істеймін. Бірақ Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қарап отырамын. Екі елде де адамның еңбегіне қатты көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мемлекеттер қарыштап дамып келеді. Түркиядағы қазақстандықтарға қалай жағдай жасалса, Қазақстанда да түріктердің жағдайы жаман емес. Мейлі, экономика жағынан, бизнес жағынан да алып қарасаң», - деді  Солтүстік Каролина университетінің профессоры, Нобель сыйлығының иегері АЗИЗ САНЖАР (АҚШ).