Алматыда жылу жүйелері жаңартылып жатыр

Алматыда жылу жүйелері жаңартылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 32 шақырым болатын жылу жүйесі жаңартылады. Қаланың коммуналды қызметі құбырларды күн-түн демей ауыстыруға көшкен. Олар құрылыс жұмыстарын күздегі жылу беру кезеңіне дейін бітіруді жоспарлап отыр. Ал жөндеу жүргізіп жатқан мердігерлер жаңа құбырлардың сапасы жоқ дегенде, 40 жылға дейін төзетінің алға тартады.

Күн ұясына батса да, Құрманғазы көшесінің бойында жұмыс қыж-қыж қайнауда. Құрылыс аумағына арнайы белгілер қойылып, қауіпсіздік қоршаулары орнатылған.

«Жұмысшылар таңғы сағат 6-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Сосын жұмыс тобы ауысады. Құрылысшылардың саны жұмыстың көлемімен байланысты. Мәселен қазір мына Құрманғазы көшесінде аз дегенде 30 адам еңбек етіп жатыр. Бұдан бөлек тағы 5 дәнекерлеу бригадасы бар, жалпы жұмыс үзіліссіз жүріп жатыр десек болады»,- деді «Алматы жылу жүйелері» ЖШС бас инженері,

«Құбырларды ауыстыру жұмыстары бірден қаладағы бірнеше ауданда жүргізіледі. Кешенді құрылыс жұмыстары бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 10 шақырымға жуық жылу жүйесі жаңарып үлгеріпті»,- деді Дмитрий КИРДЯЙКИН, Дмитрий КИРДЯЙКИН.

Жаңарту жұмыстары жүріп жатса да, тұрғын үйлер судан қағылмапты. Мамандар құбырларды ауыстырар алдында, тұрғындарға уақытша су беру үшін қосымша құбыр жолын салған.

«Құрылыс кезінде тұрғындарға ыстық су беру үшін біз екі жылдан бері осындай әдісті қолданып келеміз. Яғни, жаңарту алдында жылу жүйесінің уақытша жоспары жасалады. Байқасаңыз, жердің бетінде құбырлар тұр. Сол арқылы біз ыстық су жібереміз»,- деді Жылу энергокешен және тұрғын үй коммуналды шаруашылық мекемелерінің ресми өкілі, Ян ГИРИН.

Бүгінде қаладағы құбыр жүйелерінің 60 пайызының тозығы жеткен. Былтыр 20 шақырымға жуық жылу торабы ауысытырылса, биыл оның көлемі 32 шақырымды құрамақ.

Назкен Байтілес, Ернур Досжанов, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров